Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Еуро 2024 додасының барлық қатысушылары анықталды

Плей-офф ойындары аяқталып, біраз сенсациялар орын алды.

Бүгін Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының соңғы қатысушылары анықталды. Турнирге Грузия, Польша және Украина құрамалары жолдама алды.

Грузия мен Грекия құрамалары арасындағы кездесу өте тартысты өтті. 120 минуттық ойында командалар қақпаға бар-жоғы бес соққы жасады (3:2 алаң иелерінің пайдасына) және ең қызықты оқиға Хвича Кварацхелия мен Петрос Манталос бастаған бірінші таймнан кейінгі тартыс болды. Қақтығыс салдарынан грузиялықтардың қосалқы қақпашысы Георгий Лория алаңнан қуылды. Қосымша уақытта да гол соғылмады. Пенальтилер сериясында Грузия құрамасы дәлірек болды – 4:2. Шешуші соққыны қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ника Квеквескири соқты. Тағы бір пенальтиді павлодарлық «Ертістің» бұрынғы қорғаушысы Лаша Двалия соққанын айта кетейік.

Ал Украина мен Исландия арасындағы кездесуде Альберт Гудмундссон бірінші таймда есеп ашты. Үзілістен кейін Виктор Цыганков қақпаға дәл соққы бағыттады. Украина құрамасынан Роман Яремчук соққан тағы бір гол VAR жүйесі арқылы есепке алынбады. Бірақ, барлығын матч соңындағы Михаил Мудриктің голы шешті. «Челсидің» вингері оң қапталдан берілген пастан кейін орталық аймақтан қақпаға дәл соққы бағыттап, өз елін Еуропа чемпионатына алып шықты.

Сондай-ақ Польша мен Уэльс Еуро 2024 додасының жолдамасын сарапқа салды. Кездесу нәтижесі бойынша Еуроға Польша құрамасы баратын болды.

Турнир қатысушыларының соңғы құрамы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінен кейін анықталды. Матчтардың қорытындысы бойынша Грузия, Украина және Польша құрамалары Еуро-2024-ке жолдама алды. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде келесі командалар өнер көрсетеді: Германия, Португалия, Франция, Бельгия, Шотландия, Испания, Түркия, Аустрия, Англия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Швейцария, Нидерланды, Румыния, Сербия, Италия, Словения, Чехия, Грузия, Украина, Хорватия және Польша.

Еуро 2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Матчтарды Берлин, Гамбург, Гельзенкирхен, Дортмунд, Дюссельдорф, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт қалалары қабылдайды.

Топтардың құрамы келесідей:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария

В тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия

D тобы: Польша, Нидерланды, Аустрия, Франция

Е тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

F тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz