Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Төрехан Сабырхан Астанадағы іріктеу турниріне қатыспайды

Төрехан Сабырхан 63,5 келі салмақта Таиландта өтетін лицензиялық турнирге жолдама алу үшін Астанада өтетін іріктеу турниріне қатыспайтын болды. Оның жеке бапкері Ілияс Оралбековтың айтуынша, Халықаралық Олимпиада коммитеті Төреханның Париждегі Ойындарға қатысуына байланысты жіберген хатын қабылдамады. Басты себеп – Махмұд Сабырхан 19-ға толмаған.

«Ассалаумалейкум ағайын! Өкінішке қарай Төрехан шәкіртім спарингке қатыса алмайды. Халықаралық Олимпиада коммитетіне жазған хатымызды қабылдамады. Қолдағандарыңызға үлкен рахмет. Жеңісті күндеріміз әлі алда», — деп жазды Ілияс Оралбеков.

ХОК ережесіне сәйкес, Олимпиада ойындарына жарыс өтетін жылдың 1 қаңтарында 19 жасқа толған боксшылар ғана қатыса алады. Төрехан 18 жаста. Енді ол биыл елімізде өтетін жастар арасындағы Азия біріншілігіне қатысады.

Олимпиада ойындарының тақырыбына маманданған Inside The Games басылымы бұған дейін: «Бокс жарыстарының ережесінде 19 бен 40 жас аралығы көрсетілген» деп хабарлаған. Осы себепті 45 жастағы Мэнни Пакьяо 2024 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады.

Париждегі Олимпиадаға бокстан 248 спортшы қатысады: 124 әйел және 124 ер адам. Жарыс қожайындары ретінде Франция алты жолдама алды – үшеуі ерлер, үшеуі әйелдер арасында. Тоғыз жолдама Олимпиада ойындарында аз қамтылған ұлттық комитеттерге бөлінген – бесеуі әйелдерге және төртеуі ерлерге арналған.

Барлығы 2024 жылғы Олимпиадаға әрбір Ұлттық Олимпиада комитетінен 13 боксшыға дейін қатыса алады: алты әйел (әр салмақ дәрежесінде бір) және жеті ер (әр салмақ дәрежесінде бір).

Былғары қолғап шеберлері 27 шілде мен 10 тамыз аралығында Ролан Гаррос пен Париждің Норд Ареналарында жекпе-жек өткізеді. Барлық салмақ дәрежесінде жарыстар кубок жүйесі бойынша өтеді. Алдын ала кезеңдерден кейін (1/16 және 1/8 финал), ширек финал, жартылай финал және финалдық кездесулер жоспарланған. Алтын және күміс жүлдегерлер финалда анықталады. Жартылай финалда ұтылғандардың екеуі де қола алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz