Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Жетісу» «Ақтөбені» жеңіп, сенсация жасады

Қазақстан чемпионатының алтыншы турындағы ойында «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбемен» ойнап, сенсация орын алды.

Бірінші таймда талдықорғандықтар есеп ашты. Антон Шрамченконың күтпеген соққысы Игорь Шацкийді қапы қалдырды. Екінші таймда «Жетісу» қақпашысы қателігінен кейін қорғаушы Матео Барач ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты.

Дегенмен, Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері 70-минутта тағы да алға шықты. «Жетісудың» шабуылынан кейін допты Асхат Балтабеков қақпаға дәл бағыттады. Талдықорғандықтар өз басымдықтарын ойын соңына дейін сақтап қалып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында «Жетісу» командасы Қазақстан чемпионатының көшбасшылар қатарына қосылды.

Қазақстан чемпионатының 6-турының матчында «Елімай» алғаш рет өз стадионында қазіргі ел чемпиондары «Ордабасыны» қабылдады. Андрей Карпович шәкірттері ойынның басында-ақ алаң иелерін қуанта білді. 3-минутта француз Сада Тиуб «Елімайдың» жойқын шабуылына нүкте қойды.

Дегенмен, «Ордабасы» бірінші таймда-ақ есепті теңестірді. Бауыржан Исламханның пасынан кейін «Елимай» қақпашысы Денис Кавлинов қателікке бой алдырды. Оны Дембо Дарбо пайдаланып, бос қақпаға дәл соққы бағыттады. Екінші таймда «Елимай» да, «Ордабасы» да қауіпті сәттер ұйымдастырғандарымен, нәтиже шығара алмады. Қорытынды есеп 1:1. Алты кездесуден кейін «Ордабасының» қоржынында тоғыз ұпай бар. Ал «Елімай» бес ойыннан кейін сегіз ұпай жинады

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz