Премьер-лиганың сегізінші турының матчтарында шымкенттік «Ордабасы» қостанайлық «Тобылды», «Астана» қызылордалық «Қайсарды», «Ақтөбе» Петропавлдың «Қызылжарын» ұтты.
Премьер-лига, 8-ші тур, 11 мамыр
«Тұран» — «Жетісу» 2:3 (1:1)
Голдар: Үсенов 14 (0:1), Вака 24 (1:1), Добай 47 (1:2), Чиканчи 74 (1:3), Хаджиев 90+4 (2:3)
Сенбі күнгі жалғыз матчтағы голдар негізінен қорғаныстағы өрескел қателіктерге байланысты болды. Екі команда да 3 ұпайға лайық еді. Бірақ жетісулықтар жігерлі жеңіске жетті. Команданың ойыншылары барлық дерлік мүмкіндіктерді пайдаланды. Маусым басында талдықорғандық команда өзін жақсы көрсетіп, көшбасшылар қатарында тұр. «Тұран» да жарқын көрінеді, бірақ ұпай саны аз.
12 мамыр
«Қызылжар» — «Ақтөбе» 0:2 (0:0)
Голдар: Байтана 61 (0:1), Севаллос 67 (0:2)
Матч толыққанды «Ақтөбенің» басымдылығымен өтті деуге болады. Қандай матч болса да, жеңіс үшін ойнайтын қонақтар алғашқы таймда бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, соққылары әлсіз және қақпадан мүлт кетті. Екінші таймда осындай шабуылдардың бірінде Бауыржан Байтана есеп ашса, артынша атақты «Ювентус» клубы академиясының түлегі Хосе Севальос есепті еселеді. «Қызылжар» да таза гол соғатындай мүмкіндік болмады. Салдарынан Әли Әлиевтің шәкірттері 4 ойында есе жіберіп, барлығында гол соқпады. Бұлай жалғаса берсе, Әли Әлиев «Қызылжардан» жаңа клубқа ауысатын шығар.
Елимай — Шахтер 2:1 (1:0)
Голдар: Мұртазаев 38 (1:0), Назымханов 88 (1:1), Корзун 90+8 (2:1)
Елімай қазір «Шахтерден» сыртта да, өз алаңындағы ойындарда да мықты екеніне дау жоқ. Жалпы клуб мұны кезекті ойында алаңда дәлелдеді. Бірақ Бірінші гол ереже бұзуылуына байланысты саналмаса, екінші голда футболшы ойыннан тыс қалып қойды. 38-ші минутта қақпашының қайтарған добына Роман Мұрзатаев бірінші жетіп, есеп ашты. «Елімай» 81% допқа иелік еткенімен, қонақтардың сирек шабуылы өз нәтижесін берді. 88-ші минутта айып алаңы сыртынан Абылайхан Нәзімханов керемет соққысымен есепті теңестірді. Бұл «Шахтердің» биылғы Премьер-лигадағы екінші голы. Дәл осы голдан кейін Дмитрий Шомко алаңға шықтыы. Бас бапкер қателеспепті. Дәл осы футболшының соңғы минуттарда асырған бұрыштамасы нәтижелі болып, «Елімай» жеңіске жетті.
«Астана» — «Қайсар» 1:1 (0:0)
Голдар: Томасов 57 (1:0), Громыко 90+3 (1:1)
Бұл текетірестегі нөсер қызылордалықтар үшін артықшылық болды. Өйткені олардың құрамында астаналық клубтағы сияқты мықты ойыншылар көп емес. Дегенмен, «Астана» ұзақ шабуылдады, есеп ашты. Дегенмен «Қайсар» соңына дейін күресіп, Валерий Громыконың әдемі голы командаға бір ұпай әкелді.
«Жеңіс» — «Қайрат» 0:2 (0:0)
Голдар: Садыбеков 66 (0:1), Швырев 90+5 (0:2)
Қызықты текетірес Қарағандыда өтті, тіпті таң қалдырды. «Қайрат» бірінші тайм мен екінші таймның басында қиналып жүрді. Бірақ Арсен Буранчиев алаңнан қуылғаннан кейін команда ес жиып, екі рет гол соқты. «Жеңіске» баға беру қиын. Дәл қазір «Қайраттың» чемпиондық үшін шын күресе алмайтыны, «Жеңістің» тунирлік кестенің ортасынан әрі бармайтыны анық сияқты.
«Ордабасы» — «Тобыл» 1:0 (1:0)
Голдар: Беседин 21 (1:0)
Турдың финалдық кездесуі Шымкентте өтті. Нәтижесінде ойын қарсыластардың қорғаныстағы қателігін пайдаланып, Артем Бесединнің соққан голының арқасында алаң иелерінің минималды жеңісімен аяқталды. Ал кездесудің нүктесін Максим Федин қоюы тиіс еді. Алайда оның пенальтиден тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Есеп: 1:0. Осылайша шымкенттік ұжым 1 айдан кейін ғана жеңіске жетіп отыр.