Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Игитаның басы дауға қалды

Әлеуметтік желіде алматылық «Қайрат» пен футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Лео Игитамен болған жанжалды видео пайда болды.

Видеода Игита жанкүйерлер асфальтқа төсеп қойған «Ақтөбе» мен «Астананың» жалаулары мен шарфтарын басып, клуб автобусына қарай жүреді. Алғашында қақпашы бұған мән бермей, кейін қарсылас командаларының шарфтарын басып, үстінде билей бастайды.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін Игита жанкүйерлерден кешірім сұрап, жағдайды былай түсіндірді:

«Баршаңызға қайырлы кеш! «Ақтөбе» мен «Астананың» жанкүйерлерін ренжіткен болсам кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, олардың не сұрап жатқанын түсінбедім. Көптеген жанкүйерлерді де, мені де ренжіткен бір қателік. Бұл іске қатты өкінемін. «Ақтөбе» мен «Астана», шарфтарыңды таптағаным үшін мені кешіріңдер. Мұны әдейі жасаған жоқпын. Барлығы қас пен көздің арасында болды. Видеоны көргеннен кейін ғана бұл «Ақтөбе» мен «Астананың» шарфтары екенін түсіндім. Екі қалада да маған әрқашан жақсы көзқарас танытты және  оларға қарсы жаман әрекет жасауға менде ешқандай себеп болған жоқ.

Қазақстан футзалын жақсы көремін және бұл спорттың елімізде дамып келе жатқанын мақтан тұтамын. Бұл даму жолында әсіресе «Ақтөбе» маңызды рөл атқарады. Мен ақтөбеліктердің футзалға деген құштарлығы мен ықыласы үшін алғыс айтамын. Кешіріңіздер және барлығына үлкен құрмет білдіремін!», — деді Игита Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Лео Игита «Қайрат» сапында 2011 жылдан бері, ал 2013 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Игита мансабында бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанды (2015, 2016, 2018, 2019 және 2020 жылдары).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz