Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Шахмат

Қазыбек Нөгербекке темір тұлпар сыйлады

Алматыда қазақстандық шахматшылар үшін 26-шы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты үлкен жеңіспен аяқталды. Олар Қытай, Үндістан, Иран, Ресей (ФИДЕ туының астында) және басқа да шахмат саласындағы жетекші елдердің ең үздік жасөспірімдерімен бәсекелес бола отырып, 25 медаль жеңіп алды, оның 12-сі алтын.  2024 жылғы 10-20 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Алматы спорт сарайының бас аренасында өткен чемпионатқа 7-18 жас аралығындағы 33 елден 650-ге жуық спортшы қатысты. Бұл – Қазақстан қабылдайтын халықаралық деңгейдегі шахмат іс-шарасына қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Жас шахматшылар уақыттың барлық бақылауында – классикада, рапидте және блицте бақ сынасты.

Азия чемпионатының жабылу салтанатында шахматтан 20 жасқа дейінгі жаңа әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке құрмет көрсетілді. KazСhess президенті Тимур Турлов чемпионға электокар кілтін табыстап, қазақстандық шахматтың даму тарихындағы жаңа бетті ашқан үлкен жеңісімен құттықтады. Бұндай қадам Қазақстандағы аталмыш спортын дамытуға үлес қосқаны үшін берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жасар Қазыбек Нөгербек 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында (FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024) бірінші болып, 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.  Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өткен болатын. Әлем біріншілігінде 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер бақ сынады.

Мұндай жетістікке үш шахматшымыз ғана жетті – Дәрмен Сәдуақасов (1998 ж.), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017). Айта кетейік, 2022 жылғы 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Индиядағы жекпе-жекке шыққанда, ресми түрде халықаралық шебер болып саналған. Дегенмен, турнир барысында ФИДЕ Президенттік кеңесінің кезекті отырысында оның гроссмейстер атағы бекітілгені белгілі болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz