Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Бразилияда «Пеле күні» тойланады

Бразилия халқының жаңа ұлттық мерекесі – «Пеле күні» 2024 жылдан бастап 19 қарашада тойланады.

19 қараша күні белгілі бір себептермен таңдалды. Оның тарихы 1969 жылдан бастау алады. Бұл күні Пеле «Сантос» клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы ретінде мансабындағы 1000-шы голын соқты. Аты аңызға айналған «Маракана» стадионында «Васко да Гамамен» болған матчта Пеленің командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

2 шілдеде президент Луис Игнасио Лула да Силва бастаған Бразилия үкіметі үш дүркін әлем чемпионының құрметіне еске алу күнін белгілеу туралы заң қабылдады.

«Бұл Бразилия футболындағы ғана емес, сонымен қатар әлемдік спорттағы ең маңызды және ықпалды адамдардың бірі үшін лайықты құрмет», — деді  сенатор Хорхе Каджуру.

Пеле 29 жасында 909-шы матчында 1000-шы голын соқты. Өзінің бүкіл мансабында бразилиялық 1363 ойында 1281 гол соққан.

Әлемге «Футбол патшасы» атанған аты аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле 2022 жылы 29 желтоқсанда 82 жасында дүниеден өтті. Ал осыдан небәрі 10 күн бұрын оның анасы 101 жастағы Селесте Арантес дүниеден озды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz