21 шілде күні Лига Кубогының топтық кезеңі аяқталып, турнирдің 1/2 финалының барлық қатысушылары белгілі болды. Лига кубогының плей-офф кезеңінде өз топтарының жеңімпазы атанған «Қайрат», «Жеңіс», «Елімай» және «Астана» ойнайды. Трофей жеңімпазы барлық кезеңде жеңіске жеткен жағдайда 134 миллион теңгеге дейін табыс таба алады. Жартылай финал 10-11 тамыз мен 30 қазанда, ал финал 24 қарашада өтеді.
Топтық кезеңде «Қайрат» А тобының жеңімпазы атанды. Алматылық клуб «Ақжайықты» (9:0) және «Таразды» (3:0) ұтып, «Қызылжармен» тең (1:1) ойнады. В тобын «Жеңіс» «Тобылды» (2:0) және «Қайсарды» (1:0) жеңіп, «Ақтөбе» (1:2) командасынан ұтылды. Елімай «С» тобында бірінші орын алды – «Тұран» (3:0) мен «Атырау» (3:0) командасын жеңіп, «Ордабасымен» тең түсті (2:2). «Астана» D тобында «Каспий» (5:0) мен «Шахтерді» (4:2) жеңіп, «Жетісу» командасынан (1:2) ұтылып, өз тобында бірінші орынға ие болды.
Айта кетейік, 21-шілде күні өткен Лига Кубогының орталық ойынында «сары-қаралар» «Таразды» сенімді жеңді (3:0). «Ақжайық» «Қызылжарды» жеңген жағдайда «Таразда» топтан шығатын мүмкіндік туған болатын. Ол үшін Нұрмат Мырзабаев шәкірттері алматылық клубқа қарсы ойында жеңіске жетуі тиіс еді. Алайда «Қайрат» жоғары деңгейін көрсетіп, өз алаңындағы кездесуде жанкүйерлерінің көңілін көншітпеді. Кездесу барысында допқа көп иелік еткен ұжым соққы жасау көрсеткіші бойынша да қарсыластан басым түсті. «Тараз» «Қайраттың» 16 соққысына тек 6 соққымен жауап қатты. Жеңімпаз команда сапынан Пауло (32-минут), Сейдахмет (45-минут), Ульшин (73-минут) гол соқты. Осы жеңістен кейін алматылық ұжым еш қиындықсыз плей-офф кезеңіне жолдама алды.