Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Шох ортаға шоқ салды

Мен таңертең аңдатпасын жасаған қазақстан футболындағы жағдайдың бомбасы. Рохус Шох Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловты орнынан заңсыз жолдармен алып тастағысы келеді! Менің қолыма Freedom QJ League президенті саналатын (ҚФФ-дан УЕФА-ның Жасөспірімдер лигасына қатысатын командаларды іріктеу үшін жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатын өткізу құқығын алған) Рохус Шох мырзаның қазіргі ҚФФ жұмысына заңсыз араласып сол арқылы лауазымы 2026 жылдың ақпанына дейін пәрменді президенті Әділет Бәрменқұловты орнынан алуға дайындалған құпия құжаттары түсті деп жазады «Честность не порог» телеграм арнасы.

Бұл құжатты Рохус Шох пен оның Freedom QJ League-дағы қызметкерлері дайындағанына ешқандай күмән жоқ, себебі, аталған құжат Freedom QJ League-ның фирмалық бланкісінде рәсімделген. Оның үстіңгі оң жақ бұрышында Freedom QJ League логотипі тұр. Менің жариялап отырған құжатыма сәйкес, Шох мықтылардың, дәлірек айтсақ, мемлекет басшылығының (ҚР Президентінің әкімшілігінің) араласуымен Бәрменқұловтың ҚФФ президенттігінен өз еркімен бас тартуына ықпал етуін ұсынып отыр. Құжаттың № 3 Қосымшасында (соңғы сурет) Шох пен Ко қазіргі ҚФФ басшылығын алмастырудың тәртібін ретімен көрсетуден де тартынбаған: Бәрменқұлов орнын өз еркімен босатқан соң Рохус мырза ҚР Президентінің Әкімшілігіне жоғарыдан ҚФФ мүшелері/сайлаушыларына сөзі жүретін Әкімдіктерге тапсырма беруді ұсынады. Тиісінше Әкімдіктер сол сайлаушыларға ҚФФ президентінің басшылығына жалғыз үміткер ғана бар және соған дауыс беру керек деген секілді позицияны таңдауы тиіс дейтін тапсырма береді. Ал әкімдер өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар арқылы ҚФФ мүшелері / сайлаушыларға осы тектес тапсырманы беруі керек. Мендегі мәліметке сай, жоғарыдан келген тапсырма бойынша барлығының дауыс беруімен ҚФФ Президенті болып қазір Freedom QJ League Қамқорлық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов сайланады. Жағдай, міне осындай. Шох мырзаның ұйқысы тыныш емес екен. Әділет Бәрменқұловтың «Қазақстанның кәсіби футбол лигасы» Қауымдастығының Президенті лауазымынан алып тастауы оның менмендігіне үлкен соққы болған секілді. ҚФФ президентінің мұндай қадамына Шох басқарған лиганың Fonbet-пен заңсыз келісімшартқа отыруының салдарынан туындаған жанжал түрткі болды. Осыдан кейін ҚФФ лиганың үстінен сотқа шағым түсірген еді. Енді Шох кез-келген амалмен Бәрменқұловты орнынан алып тастап, бүкіл қазақстан футболын өз бақылауына алуды көздейді. Ал оның қалай «басқаратыны» барлығымызға жақсы белгілі. Бұл жазбаның әсері ең алдымен Қазақстанда кең етек алар деп үміттенемін. Меніңше, аталған құжатта баяндалатын Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының реформасы тек популистік ұран ғана. Бірақ та, бұл реформалардың шын мәнінде қажет болған жағдайдың өзінде, неліктен тек ҚФФ-ның жаңа президентінің басшылығымен жүзеге асырылатыны және оның іске асыруға Әділет Бәрменқұловтың не себепті лайық еместігі де түсіндірілмейді. Бұл ұсыныстардың астарында тек белгілі бір топтың бүкіл қазақстан футболы мен оның қаржысын басқару мақсатының жатқаны айқын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz