Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Париж-2024. Екатерина Шабалина неліктен жарысты жалғастырудан бас тартты?

Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасында триатлоннан жүзуден кейін велоспорт сайысын жалғастырудан бас тартты. Себебі Сена өзенінен шыққаннан кейін, Екатеринаның жүрегі айнып, құсқан. Мәселе Сена өзенінде ме, әлде  қарсыластарының басына тигізген соққыларында ма, мұны нақты айта алмаймыз. Ал Шабалина Sport24.ru сайтына берген сұхбатында былай дейді:

«Триатлонда жүзу кезеңінде «төбелеске» тыйым салынған болса да, төрешілер үшін спортшыларды қадағалау өте қиын. Басыма бірнеше рет соққы тигеннен кейін мен Сенадағы суға тұншығып қалдым. Содан кейін жүзудің қалған бөлігінде жүрегім айни бастады. Ал велоспорт кезеңінің бірінші айналымынан кейін құстым. Дереу медициналық қызметкерлерге жүгіндім. Дәрілер тағайындады. Бұдан әрі жағдайым нашарламайды деп үміттенемін. Судың сапасына алаңдадым ба? Мен бұған философиялық көзқараспен қарадым. Себебі барлық триатлоншылар тең дәрежеде болды», — деді Екатерина.

Франция Сенаны тазарту үшін 1,4 миллиард еуродан астам қаржы жұмсаған екен. Олимпиада басталар алдында спорт министрі Амели Удеа-Кастера мен Париж мэрі Анн Идальго француздарды өзеннің қауіпсіз екеніне сендіру үшін суға өздері шомылды. Бірақ, Франция президенті Эммануэль Макрон суға түскен жоқ. Бірақ Сенаны тазалауды Олимпиаданың мұрасы деп атады: «Біз мүмкін емес нәрсеге қол жеткіздік», — деді Макрон.

Айта кетейік, 1923 жылдан бері Сенаға суға түсуге тыйым салынған. Себебі өзенде гастроэнтерит пен зәр шығару жолдарының инфекцияларын тудыратын ішек таяқшалары мен энтерококка сияқты бактериялар бар. Бұған кеміргіштердің зәрі арқылы берілетін «егеуқұйрық ауруы» деп те аталатын лептоспирозды қосыңыз. Бұл ауру өте қауіпті, тіпті кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Өзенде балықтың болмауының басты себебі де осы болар.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz