Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» мен «Ордабасы» келесі кезеңге өтті, «Тобыл» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

«Астана» Алматыда өткен Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында молдовалық «Милсамимен» кездесті.

Бірінші тайм қауіпті сәттермен тең дәрежеде өтті. Екінші кезеңнің басында Ян Вороговский қонақтардың қорғанысын бұзып өтіп, онда Марин Томасов қақпаға баспен дәл соққы жасады. Содан кейін Име Ндон екінші сары қағаз алып, «Милсами» 10 ойыншымен қалды. Нәтижесінде «Астана» жеңісті сақтап қалды – 1:0.

Турнирдің үшінші турында «Астана» Еуропа лигасының екінші туры аясында кездесетін Корвинул (Румыния) — Риека (Хорватия) командаларының жеңімпазымен кездеседі.

«Ордабасы» футболшылары Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Люксембург «Дифферданж» командасымен қарымта ойын өткізді.

Шымкентте өткен кездесудің негізгі уақыты 3:2 есебімен бірінші ойында 0:1 есебімен жеңілген алаң иелерінің пайдасына шешілді. 15 минуттан тұратын экстра-таймда командалар бір-бір голмен алмасты. Ал Бауыржан Исламхан пенальтиден мүлт кетті. Сонымен қатар, «Дифферданж» сапынан Леандро Борхес 105-минутта алаңнан қуылды. Бірақ пенальтиде ордабасылықтар жеңіске жетті – 4:3. Үшінші айналымда шымкенттіктер Арменяның «Пюник» командасымен кездеседі. Матчтар 8 және 15 тамызға жоспарланған.

Ал Тобылдықтар Швейцарияның «Санкт-Галлен» командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліп, Конференция лигасынан шығып қалды. Қарымта ойын Қостанайда өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды 73-минутта Мұстафа Сиссе соқты.  Швейцариядағы бірінші ойын да «Санкт-Галленнің» жеңісімен (4:1) аяқталды. Швейцариялық ұжым үшінші айналымда латвиялық «Рига» мен польшалық «Сласк» арасындағы команданың жеңімпазымен ойнайды. Осылайша «Тобыл» конференция лигасындағы жорығын аяқтады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz