Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Ордабасы» — «Пюник» (Армения) және «Астана» — «Корвинул» (Румыния) матчтары Алматыдағы орталық стадионда өтетін болды.
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің талаптарына сай келмеуіне және УЕФА-ның төртінші санатының болмауына байланысты «Ордабасы» бұдан былай еурокубок матчтарын өз стадионында өткізе алмайды.
«Ордабасы» — «Пюник» (Армения) кездесуі Алматыда 8 тамыз күні сағат 20:00-де өтеді.
Бұған дейін «Астана» Алматыдағы Орталық стадионда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Милсами» (Молдова) командасына қарсы ойын өткізді. Ал 14 тамыз күні сағат 19:00-де Алматыда «Астана» — «Корвинул» (Румыния) Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің ойыны жоспарланған. Бастапқыда ойын 15 тамызда Алматыда өтуі керек еді. Бірақ сол күні стадионда тағы бір спорттық шара жоспарланған екен. Нәтижесінде кездесу 14 тамызға ауыстырылды.