Париж Олимпиадасында жеңіл атлетикада үлкен дау шықты.
Пекин-2008, Лондон-2012, Токио-2020 Олимпиадаларының чемпионы 37 жастағы Шелли-Энн Фрейзер-Прайс 100 метрге жүгіруде жартылай финалға қатыса алмады. Себебі оған жаттығу алаңына кіруге рұқсат бермеген. Белгілі болғандай, спортшыны стадионға кіргізбей қойған. Себебі ол ресми автобуспен емес, өзі келген.
«Менің ренішімді сипаттайтын сөз табу қиын. Жанкүйерлерім қолдау білдіретінін білемін. Менімен бірге болғандарыңыз үшін рахмет», — деп жазды Фрейзер-Прайс.
Кейіннен Ямайканың ақпарат құралдары спортшы денсаулығына байланысты жарыс жолына шықпағанын растады. Осылайша Олимпиадада 100 метрге жүгіру финалы соңғы 20 жылда алғаш рет Шелли-Эннсіз өтті.
Айта кетейік, Ямайкалық желаяқ биыл Будапештте өткен әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды – 100 метрге қола және 4х100 метрге эстафетада күміс. Турнир кезінде ол бұлшық етін жарақаттаған. Сол жарақаты сыр берді ме, әлде Париж Олимпиадасының ұйымдастырушыларынан көңілі қалды ма, белгісіз. Осылайша ямайкалық желаяқ жарыс жолына шықпады.