Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ақтөбе» премьер-лигада көш бастады

ҚПЛ 16-турында елордалық «Жеңіс» командасы «Ақтөбеден» 1:2 есебімен ұтылды.

Матчтағы алғашқы голды 28 минутта «Ақтөбе» сапынан Агбо соқты. Бірінші таймның аяқтаулына бес минут қалғанда «Жеңістің» португалиялық ойыншысы Бруно Сильва есепті теңестірді. 26 жастағы футболшы үшін бұл елорда ұжымындағы алғашқы гол болып есептелінді. Екінші тайм аяқталар тұсында Ыдырыс Умаев мергендігімен көзге түсіп, Парфенов шәкірттеріне маңызды үш ұпайды алып берді.

Осылайша, «Жеңіс» командасы осы маусымда «Ақтөбемен» жекелей кездесулерде үшінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Бұған дейін сары-қаралар Премьер-лиганың 3-турында (3:0), Лига Кубогынде (2:1) есе жіберді.

3 ұпайын қоржынға салған «Ақтөбе» 16-турдан кейін турнирлік кестеде көш бастады. Соққан голдар мен запастағы бір ойын кем болғандықтан, ұпайы «Қайратпен» бірдей болсада ақ-қызылдар үздік болуға лайық деп бірінші орынға көтерілді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz