Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Олимпиада алтынын алғаш рет алған Новак қызын құшақтай, егіліп жылады

Аты аңызға айналған Новак Джокович үшін Олимпиада ойындарындары әрқашан да сәтсіз аяқталатын. Бірақ, бұл жолы емес. Әлемдік рейтингтің көшбасшысы, рекордсмен Ойындарда жеңіс тұғырына бір рет көтеріліп, 2008 жылғы Олимпиадада жекелей сында қола жүлде иеленді.

Бірақ, Парижде Джокович арманын орындап, алтыннан алқа тақты. Новак пен оның отбасы көптен күткен жеңісті тойлап, көздеріне жас алды. Тарихи финалда жеңіске жеткен Джокович Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, енді оны тарихтағы ең ұлы теннисші деуге болады. Парижде Джокович тек Олимпиаданың алтын медалін көздеді. Ол мұндай мүмкіндіктің тағы болмайтынын түсінді.

«Бұл мүмкін екеніне сенемін. Егер олай ойламасам, ойнамас едім. Сіз әрқашан өмірде бәрі мүмкін екеніне сенуіңіз керек. Кім білсін, менің тағы бір Олимпиадаға қатысуға мүмкіндігім бола ма? 2028 жылы Лос-Анджелесте ойнағым келетінін айтқан болатынмын. Бірақ ол уақытта қаншалықты алысқа баратыным белгісіз», — деді Джокович журналистерге ойындар алдында.

Джоковичтің бұл жарыстағы басты қарсыласы төрт Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы, финал басталар алдында фаворит саналған 21 жастағы Карлос Алькарас болды. Мыңдаған жанкүйерлер Париждегі теннис турнирінің басты кездесуін тамашалау үшін «Филипп Шатрие» кортының трибунасына жиналды. Төрт дүркін Олимпиада чемпионы Серена Уильямспен бірге ХОК президенті Томас Бах та финалға қатысуды жөн санады.

Бірақ, Джокович үшін басты жанкүйер оның қызы болды. Ол  әкесі алғашқы ұпайын алғанда қуанышын жасыра алмады. Содан кейін испанияық кортта нағыз тартыстың қандай болатынын көрсетті. Алькарас қарсыласының брейк-пойнтына тойтарып, есепті теңестірді – 1:1. Осы сәттен бастап бірде Джокович, бірде Карлос алға шығып отырды. Бірақ, кездесу соңында Джокович 7:6, 7:6 есебімен чемпион атанды.

Жеңіске жеткен соң Новак ракеткасын жерге лақтырып, көз жасына ерік берді. Содан кейін  2 сағат 52 минут бойы кортты бөліскен қарсыласына құрмет көрсетіп, испаниялықтың қолын қысты. Джоковичке Сербия туы әкелінді. Спортшы мемлекеттік рәмізді қолына алып, барша көрерменге көрсете бастады. Осыдан кейін Новак қызына трибунаға қарай бет алды. Жиналған жанкүйерлерді жарып өтіп, қызымен бірге мансабындағы алғашқы Олимпиада алтынын тойлай бастады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz