Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Елдос Сметовке құландықтар құрмет көрсетті

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т. Рысқұлов ауданына ат басын бұрып, жерлестерінің зор құрметі мен қошеметіне бөленді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз өызметі хабарлады.
Аудан жұртшылығы спорт саңлағын Құлан ауылының батыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Қонақтардың құрметіне ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ұлттық нақышта киінген қыздар дәм ұсынды. М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары құландықтардың әнұранына айналған — «Келші, Құланға» әнін әуелете шырқады.
Мерекелік кеш ауданның орталық алаңында жалғасты. Мұнда 2 мыңнан астам аудан тұрғыны Елдос Сметовті ыстық ықылас, зор қуанышпен күтіп алды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйледі.Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік мінгізіп (Haval М6), спортшының ата-анасы мен жеке бапкеріне құрмет көрсетті. Елдос Сметов бұл сыйлықты алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға тарту етіп, ұстазына алғысын білдірді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz