Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Шахмұрат Мүтәліп: «Біздің боксымызға реформа қажет»

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесін қорытындылады.

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да. Бұл жерде барлығымыз қатемізді көріп, кемшіліктерімізді көріп, енді бір шешімге келдік. Біздің боксымызға реформа қажет», — дейді Шахмұрат Мүтәліп.

Сонымен қатар Шахмұрат Мүтәліп елімізге Куба мен Америкадан мамандар келетінін мәлімдеді.

«Жаөспірімдерден бастап, Қазақстан чемпионаттары, әр облыс чемпионаттарында әділ таза іріктеу жүргізіп, боксшыларымыздың деңгейлерін көтеріп, жаңа бағытта жұмыс жасау керек. Куба, Америка сияқты елдерден де мамандарды шақырып, өзгерістер енгізу жоспарда бар. Қазақстан чемпионаты, Әлем чемпионаттары бар, Лос-Анджелестегі олимпиада – сол жарыстарда топ жаруға бар күшімізді салып, еңбек етеміз», — деп қоса кетті федерация президенті.

Ал «Бей в кость» телеграм-арнасының хабарлауынша, 16 тамызда жабық жиын өтіп, онда бокс федерациясының қызметі талқыланады. Күн тәртібінде команданың Париждегі ойынын бағалау, сондай-ақ бапкерлер мәселесі қозғалады.

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Париж олимпиадасында ерлер арасында Қазақстан барлық жеті салмақта өнер көрсетті. 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай ғана күміс алды. Жүлдесіз қалғандар Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін), команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

Әйелдер арасында Назым Қызайбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанса, Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) ойындарды жүлдесіз аяқтады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz