Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» жанжал шығарған француз футболшысымен қош айтысты

Қос тараптың келісімі бойынша француздық жартылай қорғаушы Фабьен Урега «Астана» футбол клубынан кетті.

Урега «Астана» сапында 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

«Фабьенге клубтың жетістіктеріне қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!», — деп жазды елордалық команданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін футболшы мен «Астана» клубы арасында кішігірім түсініспеушілік орын алды.

«Астананың» жартылай қорғаушысы Фабиен Урега Instagram парақшасында клуб басшылығымен болған жанжал туралы айтты.

«Мен көп сөйлейтін немесе көзге түскісі келетін адам емеспін. Бірақ, өздеріңіз білетіндей мен алаңға шықпаймын. Өйткені клубтан кетуім керек. Басшылықтың бұл шешімін құрметтеймін. Клуб дұрыс емес әрекет жасап жатыр. Себебі бірнеше күннен бері олар мені алдап, келісім-шартымды бұзуға тырысып жатыр (нақты күні көрсетілмеген, өтемақының басқа мөлшерін көрсеткен).

Келісім-шарттың жасалуын күтуге (яғни клубсыз қалу) мәжбүр болып отырмын. Ал клубта маған қатысы жоқ басқа да мәселелер жетіп артылады. Үйге қайтуға рұқсат берсе, жаңа команда тауып, қайтадан футбол ойнағым келеді», — деп жазды француз футболшысы.

Осы жағдайдан кейін «Астана» ФК Урегамен келісімшартты бұзу туралы ресми мәлімдеме жасады.

«Астана» футбол клубы Фабьен Уреганың әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемелерінен кейін футболшымен келісімшартты бұзуға қатысты өз көзқарасын білдіруді дұрыс деп шешті.

Фабьеннің клубтың өткен маусымдағы нәтижелеріне қосқан үлесін құрметтей отырып, «Астана» футбол клубы 2024 жылдың желтоқсанына дейін жарамды келісім-шартпен ұсынылған өтемақы сомасына келісе отырып, жазғы трансферлік терезеде ойыншының жаңа клуб табуы үшін келісімшартты бұзу шарттарына қатысты жеңілдік жасады.

Алайда футболшы клуб келіспейтін қосымша қаржылық шарттарды алға тарта бастады. Ал футболшының ашық мәлімдемесі клубқа жанкүйерлер пікірі арқылы өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында қысым көрсету үшін жасалған», — деп жазды «Астана» ФК ресми мәлімдемесінде.

Ал бүгін елордалық команда француз футболшысының команда сапынан кеткенін ресми хабарлады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz