Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

Еуропалық додада еліміздің бір ғана клубы қалды. Үшінші айналымда «Ордабасы» армениялық Пюниктен 0:1 есебімен ұтылды. 31 жастағы нигериялық шабуылшы Юсуф Отубанжо Алматыда да, Ереванда да гол соғып, командасының қаһарманына айналды. «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев матч аяқталған соң шымкенттік ұжымнан кететіндігін мәлімдеді.

«Біріншіден, «Пюникті» жеңісімен құттықтаймын. Ойын қызықты өтті. Матч қауіпті сәттерге толы болды деп айтуға келмес. Соңына қарай, біз барынша тәуекелге баруға тырыстық. Жіберіп алған голға байланысты, «Пюник» футболшылары біздің қорғаныстың кілтін тапты. Біздің команданың барлық ойыншыларына алғысымды білдіргім келеді. Олар шама-шарқы жеткенше, өнер көрсетті. «Пюник» қиын қарсыластардың бірі екенінен әуел-баста хабардар едік. Өзімнен бастап командаға дейін алдымызға қойылған мақсатты орындай алмадық. Командаға өзгеріс қажет. Мен басшылыққа кететінім жайында алдын-ала ескерттім. Мен бұл шешімді жеңілісті матч алдында қабылдап қойдым», — деді Седнев

«Ордабасы» еурокубок маусымын Чемпиондар лигасынан бастады. Бірақ, молдовалық «Петрокубқа» 0:0, 0:1 есебімен жол берді. Конференция лигасының екінші турында шымкенттіктер Люксембургтің «Дифферданж» командасын пенальтиден (0:1, 3:2) ұтты.

Еуропалық бәсекеде қалған жалғыз қазақстандық клуб – үшінші айналымда румыниялық «Корвинулды» жеңген (2:1, 6:1) елордалық команда. Плей-офф раундында «Астананың» қарсыласы Бранн (Норвегия) — Сент-Миррен (Шотландия) жұбының жеңімпазы болмақ.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz