Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Қайрат» көш бастады, «Елімай» «Тұранға» еш мүмкіндік қалдырмады

Алматылық «Қайрат» ішкі чемпионаттың 17-турында петропавлдық «Қызылжардан» басым түсті (0:1).

Сырт алаңдағы кездесуде Кержаков командасы Андрей Ульшиннің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Матч барысында екі рет сары қағазбен жазаланған «Қызылжар» ойыншысы Зоран Нижич матчтан шеттетілді. Ол енді Петропавл ұжымының «Елімайға» қарсы болатын ойынына қатыспайды.

Жеңісті кездесуден кейін «Қайрат» турнирлік кестеде 1 орынға көтерілді. Екінші сатыда бұдан бірнеше күндер бұрын «Атыраумен» тең түскен «Ақтөбе» келе жатыр. Дмитрий Парфенов шәкірттері сары-қаралардан 3 ұпайға қалық. Ал үздік үштікті еурокубокте жолы болмаған «Ордабасы» түйіндеп отыр. Премьер-лигадағы келесі матчын «Қайрат» 25 тамыз күні өз алаңында өткізеді. Қарсылас – «Тобыл» ұжымы.

Ал, Спартак стадионында «Тұранды» қабылдаған «Елімай» осы маусымдағы ең нәтижелі ойынын көрсетті. Бұл кездесуде “Елімай” сапындағы ең қымбат футболшы Ислам Машуков гол соқты. Оның трансферлік нарықтағы қазіргі құны 900 мың еуро. Андрей Карпович командасы келесі ойынын 24 тамыз күні петропалдық “Қызылжарға” қарсы өткізеді. Айтпақшы, Әли Әлиевтің ұжымы бүгін алматылық “Қайратқа” минималды есеппен жеңілді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz