Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақ боксы екі оттың ортасында қалды ма?

Кеше IBA сайтында 2025 жылы Қазақстанда бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өтетіні туралы мәлімдеді. Алайда, түнде бұл жаңалық ұйымның ресми сайтынан жойылып, оның орнына Сербияда әйелдер арасындағы әлем чемпионатының өтетін орны расталды деген дерек жарияланды. Сондай-ақ ерлер арасындағы әлем чемпионатының өтетін орны жыл соңына дейін анықталатыны айтылған. Өзгерістің себебі әлі жарияланған жоқ.

Бірақ 2024 жылдың мамырында ХОК  IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысатын боксшылардың Олимпиада ойындарынан шеттетілетінін хабарлады.

ХОК мұндай шешімді IBA президенті ресейлік Умар Кремлев Олимпиадаға қатысушыларға 3 миллион доллар көлемінде сыйақы беру туралы мәлімдемесіне байланысты қабылдады. Оған қоса  IBA екі Олимпиадаға арналған бокс турнирін өткізуден уақытша шеттетілді.

ХОК IBA-ны сайлауды ашық өткізбейді, бас демеуші Газпромның ұйымға әсер ететіні (негізгі акционер — Ресей үкіметі) және Халықаралық Олимпиада комитетінің сарапшыларына қысым көрсетті деп айыптады.

Қазірдің өзінде 37 мемлекет, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания жаңа World Boxing ұйымына мүше болды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясын аталмыш ұйымға қосылуға көндіруге тырысатынын хабарлады. Дегенмен, Головкин заңды түрде Қазақстан бокс федерациясының шешіміне әсер ете алмайды.

2025 жылдың соңына дейін Олимпиада комитетіне әлем елдерінің басын бір ортаға біріктіретін халықаралық бокс федерациясы қажет. Ал екі оттың ортасында қалған еліміздің бокс федерациясы қай ұйымды таңдайтыны әлі белгісіз. Сағымыз сынбай, әліптің артын бағайық…

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz