Ел құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 6 қыркүйек күні ұлттық құрама Алматы қаласының Орталық стадионында Норвегияға қарсы ойнайды. Матчтың 19:00-де басталады.
Ал үш күннен кейін біздің команда Словенияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Любляна қаласында «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:45-те. Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады.
Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Тізімге 36 ойыншы енді.
Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда «Ахмат» және «Ордабасы» футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста.