14-18 тамыз аралығында Стамбулда (Түркия) муайтайдан өткен түркі елдері арасындағы чемпионатта қазақстандық тай боксшылар екі алтын жеңіп алды. ҚР құрама командасының спортшылары 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, 11 медаль иеленді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық Шәміл Ермағамбетов түрік спортшысы Юсуф Юксектепені жеңіп, алтыннан алқа тақты.
91 келіден жоғары салмақтағы алтын үшін жекпе-жекте Евгений Зимин өзбек спортшысы Жасур Гафуровты жеңді. Сондай-ақ құрамамызға Арыстан Қуанышев (67 келі) пен Александр Цариков (81 келі) екі күміс медаль әкелді.
Ал, Дидар Жаппарқұлов (48 келі), Абду-Рахман Әбішев (51 келі), Зәкір Белялов (57 келі), Ернат Смағұлов (60 келі), Руслан Заякин (71 келі), Диана Пивцова (48 келі). ) ) және Анастасия Конюшко (51 келі) қола медаль алды.