Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Атақты нидераландылық шабандоз Astana Qazaqstan Team командасында өнер көрсетеді

Vuelta Espana 2022 - 78th edition - Day 1 - Official fotos - 23/08/2023 - Wout Poels (NED - Bahrain - Victorious) - photo Rafa Gomez/SprintCyclingAgency©2023

36 жастағы нидерландылық шабандоз Ваут Пулс Әлемдік Турдың командасы Astana Qazaqstan Team-мен 2025 жылғы маусымға бір жылдық келісімге қол қойды.

Ваут Пулс таулы аймақта жақсы өнер көрсететін шабандоз ретінде танымал. Ол өткен жылы «Тур де Франс» пен «Испания Вуэльтасының» таулы аймақта өткен кезеңдерінде топ жарса, «Андалусия Вуэльтасы» мен «Валенсия Вуэльтасы» жарыстарында жеңімпазы атанған.

Сондай-ақ Пулс Әлемдік Турда бірқатар жарыстарда, атап айтқанда  «Вуэльта де Каталонья», «Париж – Ницца», «Тиррено – Адриатико», «Критериум дю Дофине», «Баск елдері» турында, «Польша туры» жарыстарының кезеңдерінде жеңіске жеткен.

«Мен Astana Qazaqstan Team командасына ауысқаныма қуаныштымын. Команда көптеген жылдар бойы ірі жеңістерге қол жеткізді. Келесі жылы мүмкіндігімді барынша көрсеткім келеді. Менің арманым «Джиро д’Италияда» кезеңді жеңіп, сол арқылы үш Гранд Турда да жеңіске жеткен шабандоздар тізіміне қосылу. Бірақ, әрине, команданың мүддесі бірінші орында болады. Команда сапына қосылуды асыға күтемін. Astana Qazaqstan Team құрамында Голландия шабандоздары, Кейс Бол және Иде Схеллинг бар. Олармен бір командада болу керемет. Мен осы маусымды жақсы нотада аяқтап, жаңа жылда 100% бабымда болғым келеді», — деді Ваут Пулс.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz