Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Қазақстандық балуан мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Еркін күрестен қазақстандық балуан Нұрислам Санаев спорттық мансабын аяқтады.

«Көп адамдар менен боз кілемге қайта ораласың ба деп сұрайды. Достар, бұл сұрақты өзіме де бір емес бірнеше рет қойғанмын. Мен бұл күннің келетінін әрқашан білетінмін және бойыма қорқыныш сезімін ұялататын. Күндердің күнінде «Мен мансабымды аяқтадым» деп айтуым керек екенін түсіну ауыр. Енді, міне, осы сәт жеткенде мен ұзақ ойландым… Өйткені, менің бүкіл өмірім күреспен тығыз байланысты болды және одан тыс өмірді елестете алмаймын.

Кішкентай кезімнен күрес менің басты серігім, ақылшым болды. Ол мені спортта да, өмірде де табанды болуға үйретті. 20 жылдан астам уақытымды осы іске арнадым. Күрес өз кезегінде маған медальдар мен атақ-даңқтан да көп нәрсе берді. Ол маған адал  достар, жанкүйерлердің қолдауы мен көпшіліктің қошеметіне бөледі. Мұның барлығын бала кезімде тіпті армандаған да емеспін.

Енді мені жаңа міндеттер күтіп тұр. Өзімді жаңа салада сынап көруге дайынмын. Барлық күмән мен сұрақтарды сейілту үшін бүгін спорттық мансабымның аяқталғанын ресми түрде жариялаймын.

Мансабымды аяқтағанда аяғымның астындағы маған таныс боз кілемнің дыбысын естіп,  жанкүйерлерге алғыс айтып, қарсыластарымды, достарымды құшақтаймын деп ойладым. Бірақ, өкінішке қарай, мансабымды  өзім армандағандай аяқтай алмадым.

Осы жолда менімен бірге болған барлық жандарға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Және, әрине, мені жеңістерге жігерлендіріп, қиындықтарды жеңуге көмектескен барша жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтамын», — деп  жазды Санаев Instagram парақшасында.

33 жастағы Нұрислам Санаев 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында 57 келі салмақта қола жүлдегер атанды, 2018 және 2019 жылдардағы әлем чемпионаттарында күміс,  2017 және 2018 жылдары қола жүлде иеленіп, Азия чемпионы атағын да жеңіп алды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz