Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жанқош Тұраровтың басы дауға қалды

Жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жанқош Тұраровқа (28-0, 20 КО) қыз зорлады деген айып тағылды. Осы орайда All Stars Boxing шоуының промоутері Зия Әлиев пікір білдірді.  Себебі Тұраров «Алматы Аренада» өтетін бокс кеші аясында 28 қыркүйекте жекпе-жек өткізуі тиіс.

«Жанқошты бокс кешінен алып тастау жоспарымызда жоқ. Әрқашанда жалған ақпараттар болады. Біз нақты деректерден кейін ғана шешім қабылдаймыз. Жанқоштың командасына хабарластық. Олар мұның бәрі жала екенін айтты. Оқиға кезінде Жанқош басқа жерде болған», — деді Әлиев.

Дегенмен Азаттық Рухы ақпараттық порталының мәліметінше Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», — деді ПД баспасөз қызметі.

Тұраров соңғы рет былтыр желтоқсанда Алматыда жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңген болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz