Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Ауыр атлетика

Атышулы Алексей Ни спорттан өмір бақи шеттетілуі мүмкін

63 жастағы маман спорт  саласында қызмет атқаруға уақытша шеттетілді.

2017 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті құрған Халықаралық тестілеу агенттігі Алексей Ниді өмір бойы дисквалификациялау туралы ресми хабарлама жіберген болатын. Осы атышулы іс бойынша ITA сот ісі аяқталуға жақын. Бұл туралы Sportarena.kz мәлімдеді.

Алексей Нидің қандай ауыр жаза арқалайтыны айтпасада түсінікті. Отандық ауыр атлетикада орын алған атышулы допинг дауларының бәрі ұлттық құраманы Ни басқарған уақытта орын алды. 2008 жылдан бері Қазақстан үздік зілтеміршілерінің талдауларының нәтижесінде қатарынан үш Олимпиадада алты алтыннан айырылды (Бейжің – 1, Лондон – 4, Рио-де-Жанейро – 1). Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рахимовты екі рет тексеру кезінде, яғни әрбір Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң талдау нәтижелері бойынша допинг анықталған.

Егер Ни шын мәнінде дисквалификацияланса, онда ол отандық спорт тарихындағы өмір бойына спорттан шеттетілген төртінші адам болады. Бұған дейін жеңіл атлет Ольга Терешкова-Цикунова, сол Алексей Геннадьевичтің бұрынғы шәкірті Фаина Сиванбаева, сондай-ақ теннисші Тимур Хабибулин  «қара тізімде». Қыздар сынамаларында бірнеше рет допинг табылғаны үшін жазаланса, ал Өзбекстан тумасы келісілген матчтар өткізгені үшін спорттан шеттетілді. Кейін спортшы бәрін көпшілік алдында мойындады.

Ниден бөлек, ұзақ жылдар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болған оның ағасы Виктор да жазаға тартылады. Дегенмен, ол Алексей Ниға қарағанда жеңіл жазамен құтылатын сияқты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz