«Барыс» маусым алдындағы матчтар бағдарламасын соңғы Гагарин кубогының финалисті — «Локомотивпен» өткен кездесумен аяқтады.
Ярославльдік команда Блинов кубогындағы басты фавориттердің бірі болды. Игорь Никитин шәкірттері турнирде «Сібірді» (2:0) және «Тракторды» (5:4 В) жеңсе, «Авангардтан» 2:3 есебімен ұтылды.
Ал «Барыс» маусымға дайындықта жас хоккейшілердің бабын сынап көруді жөн санаған. Кеше Давид Немировски шәкірттері «Трактордан» ұтылды (2:4). Дамир Жафьяров пен Уэйд Эллисон мергендіктерімен көзге түсті. Йохан Маттссон қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.
Ал бүгінгі Омбыда өткен «Блинов кубогының» финалдық ойынында «Барыс» «Локомотивпен» кездесті. Номиналды алаң иелері матч барысында Всеволод Логвин мен Коннор Смиттің дәл соққыларынан кейін басымдыққа ие болды. Ярославльдік команда бұған Александр Радулов пен Максим Березкинаның голдарымен жауап берді. Бірақ, үшінші кезеңде астаналықтардың қарқыны бәсеңдеді. Даниил Бут, Александр Полунин және Павел Красковскийдің «Барыс» қақпасына бағыттаған дәл соққылары «Локомотивке» Блинов мемориалында жеңіске жетуге мүмкіндік берді.
«Барыс» — «Локомотив» 2:5 (0:0, 2:2, 0:3)
1:0 – 22:03 – Логвин (Симонов)
1:1 – 27:12 – Радулов (Бут)
2:1 – 31:55 – Смит (Колобов, Маклеод) ГБ +2
2:2 – 33:59 – Березкин (Радулов)
2:3 – 41:42 – Бут (Алексееев, Радулов)
2:4 – 45:12 – Полунин (Кирьянов)
2:5 – 49:39 – Красковский (Кирьянов, Полунин)
Қақпашылар: Никитин Вл. – Мельничук