Чемпиондыққа басты үміткер «Ордабасы» мен «Ақтөбе» командасы ішкі біріншіліктің 18-турында бақ сынасты.
Шымкенттегі өткен ойынның көркі «Ақтөбенің» жылдам голымен қызды. 13 минутта мергендігімен көзге түскен Хосе Севальос таблодағы есепті ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында доминикандық Дорни Ромеро ерекшеленді. Алайда төрешіл ВАР-дағы әріптестерімен ақылдаса отырып, гол салынған сәтте ереже бұзылғанын анықтады. Сөйтіп Дорнидің нәтижесі есепке алынбады. Өз жанкүйерлерінің алдында жерге қарап қалмауды көздеген «Ордабасы» Шахбоз Умаровтың голының арқасында есепті теңестірді. Осыдан кейін қос тарап қанша тырысқанымен, таблодағы есепке өзгеріс әкеле алмады.
Айта кетейік, «Ордабасыны» бұл ойынға Александр Кучма баптап шықты. Ол Александр Седневтың отставкасынан кейін бас бапкердің қызметіне уақытша орналасты.