Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Қайрат» пен «Тобыл» тең түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» ойнады. Бұл текетірестің фавориті сарапшылардың пікірінше Александр Кержаковтың командасы болды. Дегенмен «Тобыл» осал қарсылас еместігін тағы бір дәлелдеді.

Қонақтар бірінші минуттан-ақ басымдыққа ие болды. Бірақ, алаң иелері сапынан Жоао Пауло Стас Покатиловпен бетпе-бет шығып, алғашқы болып есеп ашты.  Алайда екінші таймда Ахмед Эль-Мессауди мен Давид Энен соққан голдар қостанайлықтарды алға шығарды. Ойынның нүктесін алматылықтар қойды. Гол авторы Андрей Ульшин. Қорытынды есеп  2:2.

Осыдан кейін «Қайрат» 17 кездесуден кейін 31 ұпаймен көшбасшылықты сақтап қалды. Алайда «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасындағы текетірестің жеңімпазы алматылық команданы басып озуы мүмкін. Ал «Тобыл» 15 ойында 25 ұпай жинап, чемпиондыққа таласты жалғастырады.

Бұған дейін 18-турдың өзге кездесулерінде «Атырау» «Шахтерді» ұтты (1:0), «Елімай» «Қызылжардан» (2:1) басым түсті(2:1), «Қайсар» мен «Жетісу» өзара мықтыны анықтай алмады (0:0 ).

 «Қайрат» — «Тобыл» 2:2 (1:0)

Голдар: Жоао Пауло 20 (1:0), Эль-Мессауди 53 (1:1), Хенин 73 (1:2), Улшин 90+6 (2:2)

Командалар құрамы:

«Қайрат»: Ульянов, Гадрани, Сорокин, Мартынович, Станоев, Арад, Улшин, Сейдахмет, Громыко, Зария, Жоао Пауло;

«Тобыл»: Покатилов, Младинович, Ндиайе, Габараев, Асранкулов, Эссьен, Эль-Мессауди, Мосиашвили, Иванович, Чесноков, Руи Коста.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz