Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Петропавлдағы «Динамо» стадионында жөндеу жұмыстары аяқталды

Қазақстан футбол федерациясы ALAÑ жобасы аясында бесінші жаңа футбол алаңын іске қосты. Кезекті жөндеу жұмысы Петропавл қаласындағы «Динамо» стадионында жүргізілді.

«СҚО-да футболдың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Бүгін ALAÑ жобасы аясында облыс орталығында заманауи футбол стадионы қолданысқа берілді. Сіздерді айтулы оқиғамен құттықтай отырып, Әділет Назарбайұлына алғысымды білдіремін. Осы футбол алаңы және Республикамыздағы өзге де іс-шаралар жас ұрпақтың болашағына, спортымыздың дамуына тікелей әсер етпек», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады.

«Біз бірінші кезекте балаларымызға көңіл аударуымыз қажет. Себебі, футбол алдымен сол жерден басталады. Сондықтан да осындай бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Оның үстіне мемлекет басшысы республикамыздың барлық өңірінде стадион салу жайында тапсырма берді. Қазір мемлекет пен бизнес өкілдері футболға да назарын аударып жатыр. Осы күндері елімізде 1 250 000 бала футболмен айналысады. Біз бұл көрсеткішті кем дегенде 2 есеге өсірсек дейміз. Бұқаралық пен кәсіби футбол толық бір бағытта ұйымдастырылғаны жөн. Сол кезде ғана біз үлкен футболда нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деп ҚФФ президенті Әділет Бәрменқүлов пікірін білдірді.

Жаңартылу жұмыстары бірнеше аптаға жалғасып, төсеніш арнайы Италиядан әкелінді. Мамандардың айтуынша, алаңның сапасы еуропалық талаптарға сай келіп, кәсіби футбол клубтары да турнир өткізе алады. Жалпы ALAÑ жобасы бойынша республикамыздағы 20 футбол алаңын жаңарту жоспарда бар. Бұған дейін елімізде Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz