Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстандық жас хоккейшілер Солтүстік Америка клубтарына ауысты

VANTAA, FINLAND - APRIL 27: Kazakhstan's Abzal Alibek #1 celebrates after scoring during the Kazakhstan vs Sweden Preliminary Round - Group B action at the 2024 IIHF Ice Hockey U18 World Championship at Vantaa Trio Arena on April 27, 2024 in Vantaa, Finland. (Photo by Chris Tanouye/IIHF6

Екі қазақстандық хоккейші Солтүстік Американың жастар лигаларына шақырту алды. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Абзал Әлібек АҚШ-тың жасөспірімдер хоккей лигасы – USHL турнирінде өнер көрсететін Айова штатының Des Moines Buccaneers клубына ауысты.

Естеріңізге сала кетейік, хоккейші бұған дейін осы клубтың драфтында болған және биылғы маусымда жаңа лигада дебют жасайды. Абзал Әлібек биылғы 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапында элиталық дивизионда өнер көрсетіп, 5 кездесуге қатысып, 5 (2+3) ұпай жинады. Өткен маусымда ол «Снежные Барсы» командасында, сондай-ақ Қазақстан Жастар лигасында «Барыс» сапында ойнады.

Ал, шабуылшы Корней Корнеев QMJHL Квебек жасөспірімдер хоккей лигасында ойнайтын канадалық Sagueneens de Chicoutimi клубына ауысты. Форвард жастар арасындағы соңғы әлем чемпионатында да Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, бес кездесуде 4 (2+2) ұпай жинады. Корней өткен маусымды Омбыда өткізді. Онда «Авангард U18» Ресей чемпионатындағы Сібір – Қиыр Шығыс аймағындағы өнер көрсетті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz