Елордалық «Астана» Конференция Лигасының плей-офф сатысындағы қарымта кездесуінде норвегиялық «Браннан» басым түсті (3:0).
Аталған ұжымдар арасындағы алғашқы ойын Бранның пайдасына 2:0 есебімен шешілген болатын.Алайда соған қарамастан «Астана» еңсесін түсірмей керемет камбэк жасады. Бүгінгі ойында жеңіске жетудің арқасында сары-көктер Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Айта кетпеске болмас, «Бранн» командасының фанаттары осы матч алдында игі іс жасады. Норвегиялық ұжымның жанкүйерлері Алматыдағы балалар үйінің біріне сауапты іс қылды. Команда Қазақстанға аттанар алдында жанкүйерлер тарапынан бір өтінішті қабыл алған екен. Онда фанаттар бірауыздан жинаған 11 мың еуроны (шамамен 6 млн теңге) футболшылар арқылы Алматыдағы балалар үйінің бірінің керек-жарағына тапсырды.