Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Григорий Бабаян: «Бойды қуаныш кернеп тұр»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Браннмен» өткен ойын жайында пікір білдіріп, қуанышын жасыра алмады.

«Бойды қуаныш кернеп тұр. Қай жағынан алсақ та, қиын матч болды. Біз өте жақсы дайындалдық, күн сайын теория болды, сырт алаңда пайдалана алмаған қарсыластың қателіктерін көре білдік. Бірінші минуттан бастап қысым көрсету керектігін, энергияны көп қажет ететін футбол ойнау керектігін түсіндік. Бірінші таймда мүмкіндіктің көп болғаны сонша, бәрін сол кезде-ақ шешуге болатын еді. Бірақ ең бастысы, ойнауды тоқтатпадық және жігіттер соңғы минутқа дейін күресті. Біртұтас механизм болып жұмыс істегенде, мақсатқа қол жеткізесің», — дейді елордалық команданың бас бапкері.

Сонымен қатар Григорий Бабаян барша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Ең алдымен, жігіттерге рахмет айтқым келеді, олар Қазақстан үшін адам сенгісіз жеңіс сыйлады. Енді Қазақстанда үлкен футбол 19 желтоқсанға дейін болады, ал бұл дегеніміз өте құнды дүние. Бізді алға жетелеген жанкүйерлерге алғыс айтамын, өз үйімізге айналған «Астана Аренада» ойнамасақ та, керемет қолдау көрсетті, біз сездік те сезіндік. Соңына дейін сенім білдіріп, ешнәрсеге алаңдамай, жұмысқа толықтай жұмылуымыз үшін барлық жағдайды жасаған клуб басшылығына рахмет. Ерен еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлеріне және осы жеңіске атсалысқандардың барлығына, клуб қызметкерлеріне де рахмет. Жұмыла білсек, осындай жеңістерге жетеміз. Мен тағы да қазақ елін осы жеңіспен құттықтағым келеді, бұл Қазақстан үшін де, «Астана» үшін де тамаша жарнама! Бізге тек ертеңгі іріктеуді күту ғана қалды», — деп қоса кетті Бабаян.

Естеріңізіге сала кетейік, «Астана» Конференция Лигасының топтық кезеңіне шықты. Елордалық ұжым бүгін Конференция Лигасының плей-офф сатысындағы қарымта кездесуінде норвегиялық «Браннан» 3:0 есебімен басым түсті. Алдағы уақытта астаналықтарды алты ойын күтіп тұр. Оның үшеуі өз алаңында өтсе, қарымта матчтар сырт алаңда өтеді. Бірақ, қарсылас қай командалар болатыны әзірге белгісіз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz