Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу шарттары белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына тағы бірнеше лицензия ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Олар көп сатылы іріктеу жүйесінен өтуі керек. Лицензиялардың бір бөлігі Азия ойындары мен басқа да құрлықтық жарыстардың нәтижелері бойынша берілді.  Ал қалғандары іріктеу турнирлерінде сарапқа салынуы тиіс.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Коңқабаев пен боксшы Карина Ибрагимова (57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) лицензияны жеңіп алды және олардың Парижге баратыны сөзсіз. 29 ақпанда Италияда басталатын келесі турнирде тағы 11 адам мұндай мүмкіндікке ие бола алады. Қазақстаннан іріктеу турниріне қараша айындағы Спартакиадада өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз болған былғары қолғап шеберлері барады. Италияның Бусто-Арсицио қаласында ерлер арасында алты боксшы сынға түседі: Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге) дейін.

Қыздар арасында санаулы боксшы іріктеуге қатысады. Өйткені әйелдер боксында Олимпиадаға қатысатын салмақ дәрежелері аз. Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Римма Волосенко (60 келіге дейін) Наталья Богданова (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін).

Италияда олар 114 елден келген 668 спортшы жұдырықтасады. Олимпиада лицензияларын әлемдік іріктеу турнирінің барлық жартылай финалистері алады, яғни әр салмақта 4 адам. Қазақстандық боксшылардың қарсыластары турнирдің басталуына аз уақыт қалғанда білетін болады. Егер 4 фаворит боксшының барлығы бір  топқа түссе. Олардың біреуі әлемдік бірінші іріктеу турнирі арқылы Олимпиадаға өте алмайды.

Қалған Олимпиада лицензиялары мамырдан маусымға дейін Таиландтың Бангкок қаласында өтетін 2-ші Дүниежүзілік іріктеу турнирінде сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабының шешімімен басқа боксшылар да соңғы жолдамаларға таласатын болады.

1-ші іріктеу турнирі Бусто Арсициода (Италия) 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz