Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

WTA финалдық турнирінің жеңімпазы анықталды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) финалдық турнирінде польшалық Ига Швентек финалдық кездесуде америкалық Джессика Пегуланы жеңді. Мексиканың Канкун қаласында өткен финал 6:1, 6:0 есебімен Швентектің пайдасына аяқталды. Теннисшілер кортта 59 минут өткізді.

Осылайша, Швентек мансабында алғаш рет WTA финалдық турнирінің жеңімпазы атанды. Осы жеңістің арқасында 22 жастағы Швентек әлемдік рейтингте беларуссиялық Арина Соболенконы басып озып, биылғы жылды әлемнің бірінші ракеткасы атағымен аяқтайтын болды. Финалдық турнирде польшалық теннисші 3 млн доллардан астам, Пегула 1.5 млн доллардан астам ақшалай сыйақы алды.

Айта кетейік, турнирге Қазақстан өкілі Елена Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне өте алмай қалды. Топтағы финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Арина Соболенкодан 2:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін топта Рыбакина грекиялық теннисші Мария Саккариді – 6:0, 6:7, 7:6 есебімен ұтып, америкалық Джессика Пегуладан (5-ші) – 5:7, 2:6 есебімен ұтылды.

Турнирге қатысқаны үшін Рыбакина WTA-дан 198 000 доллар (91 миллион теңге) көлемінде ынталандыру бонусын алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы бір жеңіс үшін осыншама табыс тапты. Осылайша, оның турнирдегі жалпы табысы 396 000 долларды (182 миллион теңге) құрады.

Жаңартылған WTA рейтингінде Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды. Ал WTA финалдық турнирінің жеңімпазы атанған польшалық Ига Швентек Соболенконы екінші орынға ығыстырып, көш бастады. Америкалық Кори Гауфф үшінші орынды сақтап қалды. WTA финалдық турнирінің финалисті Джессика Пегула (АҚШ) да бесінші орында қалды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz