Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Аружан Сағандықова Тунистегі турнирдің екінші айналымына шықты

Еліміздің жас теннисшілері халықаралық турнирлерде бақ сынауда.

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде жекелей сында дебюттік кездесуін өткізді. Ол италиялық теннисші Камилла Санолиниге қарсы ойнап, екі сетте 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл текетірес 1/8 финалдық кезеңде өтті. Келесі айналымда Сағандықова румыниялық спортшы Андреа Присакариумен кездеседі. Аружан WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінің 792-ші сатысында, ал Санолини 929-шы орында екенін де айта кетейік.

Ал Денис Евсеев Португалия Майя қаласында өткен «Челленджер» жекелей сериясының турнирінде алғашқвы кездесуін өткізді. Ол грек спортшысы Стефанос Сакелларидиспен кездесіп, екі сетте 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 1/16 финалдық кезеңде теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 37 минутқа созылды. Кездесу барысында қазақстандық бір рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, екі рет қате жіберді.

Григорий Ломакин Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өткен ITF жекелей турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ломакин жергілікті спортшы Амр Варда Эльсайедке қарсы ойын өткізіп, екі сетте 3:6, 5:7 есебімен жеңілді. Бұл кездесу Египеттік турнирдің 1/16 финалдық кезеңі аясында өтті. Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік жұптық рейтингінде 777-ші орында тұрса, мысырлық теннисші 679-шы орында.

Тағы бір қазақстандық жас теннисші Татьяна Николенко Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан саз балшықты төсеніште ITF сериялы турнирінде жекелей сында алғашқы кездесуін өткізді. Қазақстан спортшысы жапон теннисшісі Маюки Айкаваға қарсы ойнап, үш сетте жалпы 6:0, 3:6 4:6 есебімен жеңілді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz