Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Бразилия футзалдан алты дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін, 6 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды.

Финалда Бразилия мен Аргентина кездесті. Нәтижесінде бразилиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз команда сапынан Феррао мен Рафа Соуза, аргентиналықтардан Матиас Роза гол соқты. Осылайша Бразилия алты дүркін әлем чемпионы атанды. Аталмыш команда бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ әлем чемпионатында үшінші орын үшін өткен матчта Украина мен Франция кездесіп, 7:1 есебімен украиналықтардың пайдасына аяқталды. Бұған дейін Украинаның әлем чемпионатындағы ең жақсы нәтижесі 1996 жылы 4-орын болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында аргентиналықтар Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарған болатын (6:1).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz