Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Өмір салты

Геннадий Головкин маңызды кездесу өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Альпинизм және спорттық жартасқа өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҰОК.

Кездесу барысында федерацияның алдағы Олимпиада ойындарына қатысты міндеттері (Милан-Кортина-2026, Лос-Анджелес-2028), сонымен бірге құраманың  алдағы Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарындағы мақсаттары талқыланды.

Айта кетелік, федерация екі олимпиадалық спорт түріне жетекшілік етеді. Олар – спорттық жартасқа өрмелеу мен ски-альпинизм. Спорттық жартасқа өрмелеу 2020 жылғы Токиодағы және 2024 жылғы Париждегі ойындарда жанкүйерлердің қызығушылығын оятып, Олимпиада ойындарының бағдарламасына мықтап енсе, ски-альпинизм енді ғана танымалдылыққа ие болып келеді.

Ски-альпинизм – бұл 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алғаш рет ұсынылатын жаңа олимпиадалық спорт түрі. Ол тауға шаңғымен шығып, қатты жылдамдықпен түсу кезінде күрделі участоктардан өту үшін альпинизм машықтарын  қолдануды қамтиды.

Қазіргі таңда Қазақстанда халықаралық деңгейде жарыса алатын спортшылар әлі бар. Алайда мұның алдында олар тағы бір маңызды жарыс – 7-17 ақпан аралығында Харбинде өтетін Азия ойындары күтіп тұр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz