Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан кубогында таңғаларлық оқиға орын алды

Қазақстан кубогында бірінші жартылай финалындағы «Тобыл» мен «Атырау» кездесіп, матч аяқталған соң есеп өзгерді.

Қостанайдың «Тобыл» командасы өз алаңында «Атыраумен» ойнады. Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері басымдықты қолға алып, үзіліске дейін пенальтиден гол соғып үлгерді. Олжас Керімжанов айып алаңында Ислам Чесноковтың аяғынан шалды.

Екінші таймда қонақтар бірқатар қауіпті сәттер тудырды. Бірақ, гол соға алмады. Стас Покатилов өзін тамаша көрсете білді. Ал ойын соңында алаңға  шыққан Жаслан Жұмашев орталыққа берілген пасты тиімді пайдаланды. Нәтиже – 2:0.

Матч трансляциясы кезінде голдың есепке алынбағаны туралы төреші тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ. Алайда, ойын аяқталғаннан кейін протоколда ресми есеп 1:0-ге өзгерді. Жалғыз голдың авторы 40-минутта пенальтиді орындаған марокколық Ахмед Эль Мессауди болды.

Лигада жағдайды былай түсіндірді:

«Гол ережеге сәйкес есепке алынбады. Футболшының қолы допқа тиген — 1:0. Лига сайтындағы трансляцияда және графикада түсінбеушілік орын алды», — деп жазды журналист Владимир Жарков.

Екінші жартылай финалда ақтөбеліктер өз алаңында «Елімайды» 2:0 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапында Дорни Ромеро (25-минут) пен Максим Самородов (33-минут) гол соқты. Қарымта кездесулер 19 маусымда, ал Қазақстан кубоыгының финалы 29 қыркүйекте өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz