Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Соня Жиенбаева Мадридтегі турнирдің ширек финалына шықты

18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF W15 сериясы турнирінің жартылай финалына шықты.

WTA рейтингінде 781-орында тұрған қазақстандық ширек финалда турнирдің үшінші ракеткасы америкалық Эми Жуды (532 WTA) 7:6 (7:0), 6:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда Соня турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген швейцариялық Дженни Дарстқа (419 WTA) қарсы кортқа шығады.

Ал Аргентинада ITF W50 сериялы турнирінде Жібек Құламбаева корт қожайыны Джулия Риераны үш сетте 6:3, 0:6, 6:4 есебімен ұтты. Аргентиналық теннисші аталмыш турнирде бірінші ракетка болып тіркелген. Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Құламбаева испаниялық Ирене Бурильоға  қарсы ойнайды.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 15-ші орындағы Әмір Омарханов Жапонияның Осака қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J500 турнирінің ширек финалында колумбиялық Мигель Тобоннан (20 ITF Juniors) жеңіліп қалды.

Қазақстандық ойыншы бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жеткенімен, кейін екінші сетте Тобон мықтырақ болды – 6:3. Шешуші сетте Колумбия өкілі 6:2 есебімен басым түсті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz