Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Кюсю туры. Иван Смирнов шешуші кезеңде жеңіске жетті

Tour de Kyushu 2024 — 3rd Edition - 3rd stage Okagaki - Munakata 140,5 km - 14/10/2024 - Ivan Smirnov (Astana Qazaqstan Team) - photo Kei Tsuji/SprintCyclingAgency©2024

Astana Qazaqstan Team командасында тағылымдамадан өтіп жатқан Иван Смирнов Жапонияда «Тур Кюсю» көпкүндігін тамаша аяқтады. Смирнов жарыстың соңғы, үшінші кезеңінде спринтте жеңіске жетті. Сонымен қатар, Astana Qazaqstan Team шабандозы аталмыш жарыстың қорытынды жалпы классификациясында үшінші орынға ие болды.

Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір шабандозы Антон Чармиг жалпы есепте төртінші нәтиже көрсетті.

«Біз кезең өте қиын болады және шешуші рөл атқарады деп күттік. Сондықтан жоғары бәсекелестікке дайындалдық. Дегенмен, соңғы екі айналым өте қиынға соқты. Әр асуда шабуылдар бірінен соң бірі толастамады. Бүгін біз жалпы классификация үшін күрескен Антон Чармигке көмектесіп, оны шабуылдайтын позицияға шығардық. Нәтижесінде мәреге 15 шақырым қалғанда соңғы асуда шабуылға шықты. Мен үшін бұл асу жолы тым қиын болды. Сәл ғана жетпей қалды. Сондықтан шыңға 250 метр қалғанда топтан қалып қойдым. Өкінішке қарай, Антонның шабуылы сәтті болмады. Мәреге бірнеше шақырым қалғанда олардың тобын шабандоздар қуып жетті. Бірақ, мен мәре сызығына жетпей топқа қайта оралдым. Ол кезде пелотон онша үлкен емес еді. Сондықтан мен Александр Винокуров пен Антон Кузьминнің қолдауымен тез алға жылжып, спринт үшін жақсы позицияға жайғастым. Спринтте 100% барымды салып, жеңіске жеттім. Сол үшін өте қуаныштымын. Жарысты жеңіспен аяқтау сондай тамаша. Ал бонустық секундтардың арқасында біз жалпы есепте үшінші орынға ие болдық. Бұл жақсы бонус», — деді Иван Смирнов.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz