Құрамамыз өз тарихында алғаш рет аралас командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.
Кеше, 16 қазанда ұлттық құрамамыз Украинаны 8:7 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы алты матчтың қорытындысы бойынша іріктеуден өтті – Финляндия, Кения, Германия, Уэльс, Украина құрамаларын жеңіп, тек Швейцария құрамасынан ұтылды.
Бүгін, 17 қазанда командамыз кіші топтағы соңғы ойынын Бельгия құрамасына қарсы өткізсе, 18 қазанда 1/8 және ширек финалдық кездесулер өтеді. Жартылай финал мен финал 19 қазанға жоспарланған.
Бұл айтулы және тарихи оқиға. Өйткені бұған дейнгі нәтижелерге көз жүгіртсек: 2019 жылы Қазақстан 40 команданың ішінде 21-орынға ие болды, 2018 жылы 35 команданың 34-і болды, ал 2020 және 2021 жылдары жарыс коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді. Ал соңғы екі жылда (2022-2023) құрама жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға өтінім бермеген.
Әлем чемпионатында ел намысын Жүзбай Абылайхан, Аллиарова Тілсимай, Аллиар Айдос, Тастемір Мерей қорғауда.