Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне Қазақстан бокс федерациясының (ҚФБ) World Boxing ұйымына (әлемдік бокс) кіру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, Қазақстанның ҰОК басшысы Геннадий Головкин World Boxing ұйымы жанындағы жаңа Олимпиада комиссиясының төрағасы болды.
«Бұл тамаша шешім. Қазақстан — бокстағы көшбасшылардың бірі. Қазақстаннан көптеген мықты боксшылар шықты. Солардың бірі — Геннадий Головкин. World Boxing ұйымына қосылу дұрыс шешім. Соңғы уақытта ХБА-да жанжалдар көбейіп барады. Менің ойымша жаңа ұйым құру туралы шешім қабылданғаны дұрыс. Головкиннің Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуы тамаша таңдау», — деді Маккаферри.
World Boxing — Дүниежүзілік бокс – Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ретінде 2023 жылдың сәуірінде іске қосылды. Ұйымның мақсаты – боксты Олимпиадалық қозғалыста сақтап қалу. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мойындауына қол жеткізгісі келеді. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациялары кіреді.
2023 жылдың маусымында ХОК басқару, қаржы және этика салаларындағы реформаларды жүзеге асырмағаны үшін ХБА-ны мойындаудан бас тартты. Бұрын AIBA деп аталған ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокстан турнирлер ұйымдастыруды тоқтатты.