Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчта алаңға шығатын ойыншылар тізімі белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елімай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

© 2023 insports.kz