Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы үзілістен кейінгі алғашқы матч Уфада өткізді.

«Салават Юлаев» ағымдағы тұрақты чемпионатта өткізілген 39 матчтың 24 матчында жеңіске жетті. Виктор Козловтың шәкірттері өз активтерінде 50 ұпайға ие және Шығыс конференциясында үшінші орын алады. Команданың үздік бомбардирі – Александр Хмелевский, оның есебінде 33 (19+14) ұпай бар.

«Барыс» 31 балмен 40 кездесуден кейін Шығыстың турнирлік кестесін жабады. Понтус Оберг (14+10) – Астанадан келген команданың ең нәтижелі ойыншысы. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Алекс Грант қалды. Оның орнына шабуылшы Всеволод Логвин оралды. Ол Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатының элиталық дивизионына өтуіне көмектесті.

Қыркүйек айының басында Қазақстан астанасында өткен маусымның алғашқы күндізгі матчында «Салават Юлаев» жеңіске жетті (3:2). Бүгінгі ойын Олег Болякин үшін «Барыс» бас бапкерінің міндетін атқарушы лауазымындағы алғашқы матч болды.

Алғашқы кезеңде көрермендер төрт голдың куәсі болды. Қарымта шабуылдың нәтижесінде есеп ашқан «Барыс» командасының үздік сұрмергені Понтус Оберг командасын алға шығарды. Алаң иелері көк сызықтан Павел Коледовтың дәл соққысымен жауап берді. Одан кейін Энтони Камара астаналықтардың шабуылына нүкте қойды. Бірақ араға 77 секунд салып Евгений Тимкин гол соққаннан кейін «Салават Юлаев» таблодағы көрсеткішті қайта теңестірді.

Екінші кезеңде Уфа командасы басымдықты қолға қалды. Алдымен Николас Мелош гол соқса, ал сәл кейінірек Егор Сучков Эдвард Паскуалені төртінші рет қапы қалдырды. Соңғы үшінші таймда Аркадий Шестаков шайбаны қарсыластар қақпасына соқты. Ал Евгений Рымарев ойыншылар саны жағынан басымдықты пайдаланып, тамаша өнер көрсетті. Бірақ кездесудің соңында «Салават Юлаев» сапынан тәжірибелі Николай Кулемин жеңіс голының авторы атанды.

21 желтоқсанда Олег Болякин шәкірттері Нижнекамскіде «Нефтехимикке» қарсы ойнайды.

 «Салават Юлаев» – «Барыс» 5:4 (2:2, 2:0, 1:2)

0:1 – 08:15 – Оберг (Старченко)

1:1 – 10:29 – Коледов (Хафизуллин, Сучков)

1:2 – 11:46 – Камара (ЛаБейт)

2:2 – 14:02 – Тимкин (Кулёмин, Ефремов)

3:2 – 23:03 – Мелош (Шмелёв, Шаров) ГБ

4:2 – 26:42 – Сучков (Шмелёв, Шаров)

4:3 – 44:33 – Шестаков (Оберг, Ножье)

4:4 – 54:56 – Рымарев (Шестаков, Скленичка) ГБ

5:4 – 57:22 – Кулёмин (Хмелевский, Бирюков)

Қақпашылар: Ежов – Паскуале

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz