Astana Qazaqstan Team әйгілі италиялық Biemme брендінің 2024 жылға арналған велоспорт формаларының жаңа дизайнын таныстырды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық команда шабандоздары жобаның классикалық және танымал түстері мен жанкүйерлердің сүйікті көгілдір аспанмен және алтын күннің, сондай-ақ Қазақстан туының элементтерімен түс үйлесімінен құралған минералды тас сызықтарына ұқсас үлгісін біріктіретін Biemme компаниясының жаңа формасын киіп жаттығады және жарысады.
«Жаңа маусымда Astana Qazaqstan Team Biemme компаниясы ұсынған форманы киеді. Бұл біз үшін тамаша жаңалық. Бұл ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз. Biemme — велоспортта ұзақ тарихы бар танымал италиялық бренд. Олармен бірге келесі маусымға арналған көз тартатын жейде дизайнын әзірледік. Дизайн классикалық көрінеді және жаңа. Су жаңа форма біздің шабандоздардың көңілінен шықты және жанкүйерлерімізге де ұнайды деп үміттенеміз. Осылайша, шабандодарымыз жаңа формаға ие болады және команда маусымды тамаша өткізеді деп сенеміз. Мен үшін бұл ерекше сәт. Өйткені алғаш рет жеңіске жеткенімде Biemme жейдесінде болғанмын. Сондықтан бұл жаңа жейде біздің командаға көптеген жеңістер әкеледі деп сенемін», — деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.
Айта кетейік, жаңа маусымда команда құрамында барлығы 29 шабандоз болады. Оның 10-ы Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсетеді.