Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Тарихта алғаш рет Қазақстанның үш бірдей хоккей құрамасы ӘЧ элиталық дивизионында ойнайды

Будапеште IA дивизиондағы хоккейден жастар әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы біріншіліктің алтын медальдарын жеңіп алды. Бұл нәтиже команданың турнирдегі қорытынды матчына дейін белгілі болды. Венгрия, Франция, Дания және Жапонияға қарсы өткен алғашқы төрт кездесуде біздің «жастар» қатарынан төрт рет жеңіске жетті, ал Франция Австрияны жеңгеннен кейін турнир кестесінде сөзсіз бірінші орынды иеленді. Соңғы матчта біздің команда буллиттер бойынш Австрияға есе жіберіп, барлығы 13 ұпай жинады. Француздар екінші, ал даниялықтар үшінші орын алды.

Голкипер Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанды.

Осылайша, осы жеңісінің арқасында Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді: 2024 жылы бірден үш құрама – жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрама әлем чемпионатының топ-дивизионында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуірінде біздің жасөспірімдер IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элитаға көтерілді. Ол кезде де Сергей Старыгин жетекшілік етті. Ал ересек ерлер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элитадағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz