Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Қазақстандық спортшылар қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында жасөспірімдер арасында IV Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Аталмыш жарыстың Кореяда өтетінін ХОК 2020 жылдың 10 қаңтарында Швейцарияның Лозанна қаласында ұйымдастырылған 135-ші сессиясында мақұлдады.

Канвондо 2024 – Азия құрлығында өтетін тұңғыш қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы. Турнирге әлемнің 70 елінен 1800 спортшы (оның 950 ұлдар, 950 қыздар) қатысады. Спортшылардың жасы 01.01.2006 – 31.12.2009. Ойындардың спорттық нысандарына тоқталар болсақ, барлығы 9 жарыс алаңында спортшылар үздіктерді анықтайтын болады. Сайыстар 4 аймақта, яғни мұз спорт түрлері — Каннын, шаңғы спорт түрлері — Пхенчхан, Чонгсон және Хёнсонда өтеді.

Спорттық бағдарлама — 7 спорт түрі, 15 дисциплина: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шана жарысы, скелетон, сноубординг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек.

2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жасөспірімдердің дүбірлі додасына еліміздің спортшылары биыл төртінші мәрте қатыспақ. Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайл параллель могул түрінен 30 жолдама бар. Десе де, жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Өйткені жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар жалғасып жатыр.

3х3 хоккей турниріне Қазақстан құрамасы жолдама алған болатын. Бас бапкер – Рамазан Қайдаров. Біздің құрама медальдар үшін Польша, Аустрия, Тайбэй, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбританиядан келген бәсекелестермен күш сынасады және қазіргі таңда жарыс кестесі де белгілі болды:

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

20 қаңтар 2024 жыл, 15:00 – Польша – Қазақстан

21 қаңтар 2024 жыл, 13:30 – Қазақстан – Аустрия

21 қаңтар 2024 жыл, 20:30 – Латвия – Қазақстан

22 қаңтар 2024 жыл, 12:00 – Қазақстан – Дания

22 қаңтар 2024 жыл, 19:00 – Тайбэй – Қазақстан

23 қаңтар 2024 жыл, 12:30 – Испания – Қазақстан

23 қаңтар 2024 жыл, 20:30 – Қазақстан – Ұлыбритания

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz