Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Ростов қаласының тумасы Александр Шевченко Қазақстан сапындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Александр Шевченко Монпельедегі (Франция) ATP 250 турнирінде жұптық сайыста өнер көрсетуде. Ол  Александр Бубликпен бірінші айналымда америкалық Эван Кинг/Риз Шталдер жұбын  6:4, 6:3 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 60 минут өткізді. Кездесу барысында қазақстандық жұп 5 эйс пен 6 қос қателік жасаса, америкалықтар 2 рет қос қателікпен қатар 2 мәрте допты ойынға қосу барысында қиыс кетті.

Ширек финалда қазақстандық жұп Ллойд Гласспул/Анри Паттен (Ұлыбритания) — Анируд Чандрасехар/Виджай Сундар Прашант (Үндістан) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Шевченко Қазақстан азаматтығын алғанын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Ал Александр Бублик жұптық сайыспен қатар жекелей сында да өнер көрсетеді. 26 жастағы қазақстандық теннисшінің 1/8 финалдағы қарсыласы канадалық Денис Шаповалов болмақ. Теннисшілер 2020 жылдан бері екі рет кездескен. Екі кездесуде де Бублик жеңіске жеткен. Денис пен Александр соңғы рет 2021 жылдың 4 мамырында Мадридтегі Мастерс турнирінде сынға түсті. Ол уақытта 1/16 финалда Бублик үш сетте де 6:4; 5:7; 6:4 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

24 жастағы Канада өкілі кеше Франциядағы турнирді өте тартысты кездесумен бастады. Шаповалов 1/16 финалда француз Уго Гастонды екі сетте айқын басымдықпен жеңді — 6:1; 6:3. Бұл оның жаңа маусымдағы алғашқы жеңісі. Теннисшілер кортта бір сағат бес минут уақыт өткізді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz